Болгария Түркияға 2022 жылдың қарашасында Ыстамбұлда Истиклал даңғылындағы шабуылға қатысқан Хазни Гёлгені тапсырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz АА сайтына сілтеме жасап.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, ол шабуылды жоспарлаған Билал Хасанға шетелге қашуға көмектескен.
Қауіпсіздік күштері алған ақпарат негізінде күдіктінің Болгарияның Свиленград ауданындағы "Империал Палас" қонақ үйінде тұрғаны анықталды.
Жетінші қаңтарда Бас қауіпсіздік басқармасы (EGM) интерполдың Болгар бөлімшесіне Гельгені іздеуді, ұстауды және экстрадициялауды сұрады.
Ұсталғаннан кейін ол Эдирне провинциясындағы Капыкуле бақылау бекеті арқылы Түркияға жіберілді.
Шекарадан өткеннен кейін Гёлге жергілікті полиция департаментінің қызметкерлерімен ұсталды.
Ыстамбұлдың Бейоғлы ауданында жарылыс 13 қараша күні сағат 16:20 шамасында болғанын еске саламыз.
Түркия вице-президенті Фуат Октай бомбаны әйел адам қойғанын айтты. Сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалағанын растады.