Болгарияда автобус апатқа ұшырап, салдарынан кем дегенде 45 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Жол апаты "Струма" автомагистралінің 31-шақырымында болды. Македониялық тіркеуден өткен автобус өртеніп кеткен. Агенттіктің мәліметінше, көлік ішінде 52 адам болған. Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған 12 бала бар.
Солтүстік Македонияның Премьер-министрі Зоран Заев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
Қазір мамандар тергеу жүргізіп жатыр.
Табиғат Нұрболат
Фото: epa.eu
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу