Еуропаға заңсыз кірмек болған Ауғанстан азаматтарының өліміне қатысты 7 күдікті қамауға алынды. Оқыс оқиға София қаласының маңында болған. Көлікке бас-аяғы 52 мигрант мінгені анықталды. Олардың 19-ы ауруханаға түсті. Босқындарға ауа жетпей, тұншығып қайтыс болған. Адамдар жүктердің арасына жасырынған. Әрқайсысы діттеген бағытқа жету үшін 5 мың еуро төлеген екен. Мигранттарды тасымалдағандар көлікті тастап, оқиға орынан қашпақ болғанда ұсталыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу