Боливияда сенібде Оруро мен Потоси департаменттерін жалғастырып жатқан күре жолда екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты, тағы 37-сі жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
El Dictamen газетінің полицияға сілтеме жасап жазуынша, барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың бірнешеуі ауыр жаралы. Алдын ала болжамға қарағанда, жол-көлік апатына жылдамдықты шектен тыс арттыру себеп болған.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу