Бөлшек сауда көлемі 10 млрд теңгеге жетті

1294

Ең жоғары көрсеткіштер Алматы мен Нұр-Сұлтанда тіркелді.  

Бөлшек сауда көлемі 10 млрд теңгеге жетті

2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында бөлшек сауда 10 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Ranking.kz. 
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға жоғары. Жалпы саудадағы бөлшек сауда деңгейі 30,7%-ға жетті. Алайда бір жыл бұрын 31% болатын.

Алғаш рет бөлшек сауданың трлн теңге көрсеткіші 2017 жылдың желтоқсан айында, кейін 2018 жылдың желтоқсан айында асқан. 2019 жылы мұндай нәтижеге шілде, тамыз, қыркүйек айларында қол жеткізілді. Оның ішінде тамыз айында сауда көлемі 1,1 трлн теңгеден жоғары болған. Сонымен қатар биылғы жылдың желтоқсан айында да бұл көрсеткіштер трлн теңгеден асады деген болжам бар. Себебі жыл сайын дәл осы айда ең көп сауда жасалады.

2019 жылдың қаңтар-қарашасы аралығында Қазақстанда бөлшек саудадағы ең жоғары нәтижелер Алматы (3,1 трлн теңге) мен Нұр-Сұлтанда (1,1 трлн теңге) тіркелген. Аталған мегаполистердің еншісіне еліміздің дүкендері мен базарларында жасалған барлық сауданың 42,7%-ы тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу