Бөлшек сауда көлемі 16,2%-ға төмендеді

931

Оның ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Бөлшек сауда көлемі 16,2%-ға төмендеді

2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында елімізде бөлшек сауданың көлемі 3543,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті. 

Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,2%-ға төмен. 

Бөлшек сауданың ең жоғары үлесі Алматы (29,6%), Нұр-Сұлтан қаласына (10,6%), Қарағанды (9,9%) және Шығыс Қазақстан (9,4%) облыстарына тиесілі. 

Кәсіпорындардың жасаған бөлшек саудасы 2019 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға, ал базарлардағы бөлшек сауда 28,3%-ға төмендеген. 

Ал 2020 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындарда 681,6 млрд теңге қор бар. Бұл ретте азық-түлік үлесі 37,2%-ды құрайды, ал азық-түліктік емес тауарлар қоры – 62,8%. Статистика бойынша қаңтар-мамыр аралығында азық-түлік саудасы 6,2%-ға, азық-түліктік емес тауарлар саудасы 21,2%-ға төмендеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу