Бөлшек сауда көлемі 6,2%-ға ұлғайды

594

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздің бір қаласы мен бір облысын ерекше атап өтті. 

Бөлшек сауда көлемі 6,2%-ға ұлғайды Фото: inbusiness.kz

Министрдің мәлімдеуінше, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысы өте жақсы нәтижеге қол жеткізген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Экономиканың 7 көрсеткіші бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай: Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсім 2 өңірде – Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында байқалды. 6 көрсеткіш бойынша 5 өңірде өсім тіркелді. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. 9 өңірде 4-5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 2 көрсеткіш бойынша ғана өсім болды", – деді Әсет Ерғалиев. 

Оның айтуынша, сауда саласының көрсеткіші жақсарып келеді. 

"Сауда бойынша 13 өңірде өсім байқалды. Бұл ретте бөлшек сауда көлемі  6,2%-ға ұлғайды", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу