Бөлшек саудада сатылатын мұнай өнімдерінің тізбесі мен шекті бағалары бекітілді

956

2022 жылғы 14 шілдеде ҚР Энергетика министрлігінің "Мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы", сондай-ақ "Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрықтары күшіне енді.

Бөлшек саудада сатылатын мұнай өнімдерінің тізбесі мен шекті бағалары бекітілді

Бұйрықтарға сәйкес Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңгені құрайды, Қазақстанның басқа облыстарында бағалар бұрынғы 182 тг/литр деңгейінде сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екі облыста бағаны түзетуге бұл өңірлердің мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыс болғандығы себеп, яғни логистикалық шығындармен байланысты.

Сондай-ақ мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталған.

"Өйткені Аи-95+ және жоғары өнімдерді өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің үлкен шығыны талап етіледі. Импорттық қоспалардың бағасы мұнай бағаларымен және валюта бағамдарымен байланысты", – деп жазылған хабарламада.

Бұйрыққа сәйкес, дизель отынына шекті бағалар өзгермейді және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалып отыр: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша, сондай-ақ Абай облысында баға литріне 260 теңгені құрайды, ал Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литріне 230 теңге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу