Бөлшек саудадағы кәсіпкерлерге фискальді түбіртек беру міндеттелді

977

Енді кез келген қазақстандық бөлшек саудадағы барлық кәсіпкерден заңды түбіртек талап ете алады.

Бөлшек саудадағы кәсіпкерлерге фискальді түбіртек беру міндеттелді

2019 жылдың 1 сәуірден бастап қазақстандықтар такси жүргізушілері мен базарлардағы бөлшек сауда иелерінен, шаштараз, сұлулық салондарынан, ломбардтар мен қонақүйлерден, тұрмыстық техника сататын сауда нүктелерінен, балалар заттарын сататын кәсіпкерлерден фискальді түбіртек талап ете алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы" қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, халыққа қызмет көрсетудің 323 түрі фискальді түбіртек беруге міндеттелген.

ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталының мәліметінше, енді кез келген қазақстандық бөлшек саудадағы барлық кәсіпкерден заңды түбіртек талап ете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу