Бөлшек саудадағы сатушылардың табысы орташа жалақы мөлшерінен төмен

1365

Бөлшек саудадағы сатушылардың табысы орташа жалақы мөлшерінен төмен

Дүкендер мен базарлардағы сатушылар 116 мың теңге алады, бұл елдегі орташа жалақы мөлшерінен 22 пайызға төмен, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Инфляцияны қоса алғанда, бөлшек сауда жұмысшыларының жалақысы бір жылда 2 пайызға ғана өсті. 
2017 жылдың III тоқсанындағы қорытынды бойынша бөлшек сауда саласының қызметкерлері ҚР бойынша орташа есеппен 115,5 мың теңге табыс тапты.
Жылдық өсім 9,3 пайыз болды. Инфляцияны ескергеннің өзінде, секторда жалақыны сатып алу қабілеті 2,1 пайызға көтерілді.
Еске сала кетсек, ІІІ тоқсанда ҚР-да барлық саладағы жалақы мөлшері 148 мың теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу