Бөлшек саудаға қарағанда көтерме сауданың табысы жоғары

1184

Елімізде сауда мен көлік жөндеу саласында 1,44 млн адам еңбек етеді.  

Бөлшек саудаға қарағанда көтерме сауданың табысы жоғары

2020 жылдың І тоқсанында ресми деректер бойынша көтерме, бөлшек сауда мен көлік жөндеу саласының орташа жалақысы  184,9 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10%-ға жоғары, деп хабарлады ranking.kz. 

Алайда инфляцияны қосқанда шынайы өсім 3,8%-ды құрады.

Салыстырмалы түрде алсақ елімізде жалақы орта есеппен 18,9%-ға өсті. 

Көлік және мотоцикл саудасы саласында орташа айлық  232,4 мың теңге. Көтерме саудада  224,4 мың теңге болса, бөлшек саудада 149 мың теңге. Яғни көтерме сауда саласының табысы бөлшек саудаға қарағанда жоғары.

Ал өңірлер бойынша ең жоғары  жалақы 238,5 мың теңге - Алматының сауда-саттық саласы қызметкерлеріне тиесілі. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10,4%-ға жоғары. 

Елімізде сауда мен көлік жөндеу бағытында  1,44 млн адам еңбек етеді. Бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың   16,3%-ы. Аталған секторда жұмыс істейтіндер саны 2019 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға артқан.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу