Бородулиха ауданында жарымжан балаларға тиесілі төлемдер төленбеген

132

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған диагнозы бар кәмелетке толмаған балалар айына 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Бородулиха ауданында жарымжан балаларға тиесілі төлемдер төленбеген Фото: pixabay.com

Абай облысы, Бородулиха ауданының прокуратурасы психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар балалардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша тексеріс жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бородулиха аудандық ауруханасында есепте тұрған 80 баланың біреуі де тиісті әлеуметтік көмекті осы уақытқа дейін алмаған.

Анықталған бұзушылықтар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің балалардың заңды өкілдерін материалдық көмек алу мүмкіндігі туралы хабардар етпеуіне байланысты орын алған.

Аудан прокуратурасының ұсынуымен уәкілетті орган балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік төлемдер алуға өтініштер қабылданды. Қазіргі таңда мұқтаж балаларға қосымша қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу