Сондай-ақ жылжымайтын мүлік аукцион арқылы бастапқы бағалау құнының 75 пайызынан төмен сатылмайды. Бұдан бұрын сатудың төменгі шегі 50% болған. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен үкімет сағатында Әділет министрі Қанат Мусин айтты.
Министр келтірген мәліметке қарағанда, былтыр алты мың борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қанат Мусин бұған дейін сот төрелігі орындалмайтыны, заңнама "айналып өтуге" мүмкіндік беретіні туралы айтқан еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу