Қанат Мусин: Сот төрелігі орындалмайды, заңнама "айналып өтуге" мүмкіндік береді

2773

Азаматтар өздеріне берілген соманы уақытылы әрі толық иелене алмай отыр. Былтыр сот орындаушылар борышкерлерден 9,3 трлн теңгенің тек 300 млрд теңгесін өндіріп ала алды. Жыл сайын, шамамен, жүз мыңдаған құжат кері қайтарылып жатыр. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында айтылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қанат Мусин: Сот төрелігі орындалмайды, заңнама "айналып өтуге" мүмкіндік береді

Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуына қарағанда, оның себебі өте көп. Бірақ негізгілері: "айналып өтуге" мүмкіндік беретін заңнама олқылықтары және табыстарының болмауы немесе жасырылып тұруы.

"Сот төрелігін іске асырудың соңғы кезеңі ретінде мәжбүрлеп орындату процесі тиімді, жедел және әділ болуға тиіс", – дейді Мусин.

"Былтыр ғана борышкердің табыстарының немесе өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауына байланысты, өндіріп алушыларға 2,4 трлн теңге сомасына 608 мың құжат қайтарылды. Жалпы жыл сайын атқарушылық іс саны 1 млн құжатқа өседі. Өсудің негізгі себебі сот орындаушыларға тек сот актілері ғана емес, нотариус жазбалары мен салық бұйрықтары да түседі", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу