Премьер-министр Олжас Бектенов отандық IT мамандар жасаған ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үкімет отырысына қатысқан қазақстандық стартап өкілі онлайн ойынды таныстырды. Олжас Бектенов бұл қандай ойын екенін сұрады.
"Мұны телефондағы метаәлем деуге болады. Бұл GTA-ға ұқсас. Адамдар телефон арқылы ойын ойнап, өзара әрекеттесуіне мүмкіндік бар. Ойын AppStore және Google Play-де бар", – деді баяндамашы.
Премьер-министр ойынды жүктеп алатынын айтты.
"Бос уақытта ойнаймын. Егер ойнайтын болсақ, онда қазақстандық ойынды ойнайық. Біздің әріптестеріміздің, оның ішінде жастардың ойнайтынынан хабардармын", – деді Үкімет басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу