Бостан бос оталып тұрған көлік қоршаған ортаға зиян тигізеді – Экология министрі

122

Бес минуттан артық оталып тұрған көлікке айыппұл салу нормасы бүгін пайда болған жоқ.

Бостан бос оталып тұрған көлік қоршаған ортаға зиян тигізеді – Экология министрі Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлікті ұзақ уақыт қыздырудың экологияға әсері туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл Ішкі істер министрлігінің тақырыбы ғой. Жалпы, біз қолдаймыз. Бұл норманың пайда болғанына 20 жылдан астам уақыт болды. Бірақ, әрине, біз әр елдімекеннің экологиялық жағдайын түзеу мақсатында қолдаймыз. Біздің құзыретіміз тұрғысынан қарасақ, бостан бос қызып (ред. – оталып) тұрған көлік әрине зиян тигізеді. Ал енді болып отырған жағдайға келсек, айыппұл салып, бюджетке түсімді көбейту мәселесі емес. Жалпы біз жан-жақты мәселелерді қарастырып жатырмыз", – деп жауап берді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айта кету керек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскемендегі ауаның сапасы өте нашар екенін мойындағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу