Бозымбаев пен Ахметов басшылық ететін аймақтарының бөлінуін қалай қабылдады

2636

Тілшілер өңір әкімдерінің пікірін білді.

Бозымбаев пен Ахметов басшылық ететін аймақтарының бөлінуін қалай қабылдады

Президент Жолдауын аяқтаған соң журналистер Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдерінен қазір өздері басқарып отырған аймақтарды бөлу туралы ойларын сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл мен үшін де жаңалық болды. Бір немесе басқа облысқа қай аудандардың көшетінін қарау керек, бірақ басқарушылық жағынан оңайырақ болады", – деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы аяқталған соң тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге Бозымбаев Қапшағайдың атын Қонаев деп өзгертуді қолдайтынын жеткізді. 

Ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов БАҚ өкілдеріне енгізіліп жатқан өзгерістерді өте жақсы қабылдағанын мәлімдеді. 

"Өте жақсы... Екі облыс болады... Халыққа да, бізге де жақсы...", – деді аймақ басшысы.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Шығыс Қазақстан облысынан Абай ауданы бөлінеді. Семей қаласы оның орталығына айналады. Алматы облысы екіге – Жетісу мен Алматы облыстарына бөлінеді. Алматы облысының орталығы Қапшағай, Жетісу өңірінің орталығы Талдықорған қаласы болады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу