BP 2030 жылға дейін мұнай өндірісін қысқартады

754

Компания "жасыл" энергияға инвестиция құймақ.

BP 2030 жылға дейін мұнай өндірісін қысқартады

Британияның BP компаниясы 2030 жылға қарай мұнай мен газ өндірісін қысқартып, миллиард доллардай қаражатты баламалы энергия көзіне жұмсамақ. 

Корпорация өкілдерінің айтуынша, алдағы он жылда аз көміртекті инвестиция көлемін 5 млрд долларға дейін өсіру жоспарланған. Осылайша 2050 жылға дейін ауаға шығарылатын улы газдың мөлшерін азайтпақ. Айта кету керек, осы мәлімдемеден кейін BP акциялары 8%-ға қымбаттаған. 

Компанияның болжамы бойынша, Жердегі температураның көтерілу көрсеткіші 1,5 градус болса, жанармайға деген сұраныс 75%-ға кемиді. Ал бұл көрсеткіш 1,5 градустан аз болса, сұраныс 50%-ға азаяды. Сонымен қатар BP 2030 жылға қарай бір күнде өндірілетін мұнай мен газ көлемі бір миллион баррельге қысқарады.

Табиғат Нұрболат
Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу