Ақмола облысында браконьерлерді ұстамақ болып, жарақат алған екі инспектордың бірі көз жұмды. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Инспекторларды Державинск қаласының аудандық ауруханасына әкеле жатқан, өкінішке қарай, оның бірі жолда қайтыс болды. Ал екіншісі медициналық мекемеге жеткізіліп, қазір дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бар күштерін салуда.
Еске сала кетсек, бүгін сағат 11-:00 шамасында Ақмола облысының Жарқайың ауданы аумағында "Охотзоопром"-ның екі инспекторы киік атқандарды байқап қалып, олардың ізіне түскен. Қарсыласқан браконьерлер олардың екеуін де жарақаттаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу