Браконьер қолынан қаза тапқан "Охотзоопромның" инспекторының соңында 4 баласы қалды. Бұл туралы еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтемемен 24.kz хабарлайды.
Қаза тапқан инспектордың аты-жөні Қаныш Серікұлы Нұртазинов. 1976 жылы 24 қаңтарда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында дүниеге келген.
Нұртазинов "Охотзоопром" мекемесіне 2016 жылы 5 қаңтарда жұмысқа алынған. Марқұмның соңында 3 қызы мен 2011 жылғы бір ер баласы және жұбайы қалды. Қазіргі уақытта марқұмның мәйітін туған ауылына жеткізу мәселелері қарастырылып жатыр.
Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Оспанов Самат Көшбергенұлы 1975 жылы Ақмола облысында туған. Білімі орташа арнаулы, заңгер. Қазіргі таңда Саматқа Державинск аудандық ауруханасында операция жасалып жатыр.