Браконьерлікке қатысты қылмыстық істердің 11,3 пайызы ғана ашылған

524

 Браконьерлікке қатысты қылмыстық істердің 11,3 пайызы ғана ашылған

Маңғыстау облысында соңғы төрт жылда браконьерлікке қатысты тіркелген қылмыстық істердің 11,3% ғана сотқа жіберілген. Қалғандары ашылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының прокуратурасында браконьерлікпен, оның ішінде бекіре тұқымдас балықпен күресті жүзеге асыратын уәкілетті органдар жұмысының тиімділігі мәселесі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жиында браконьерлікпен күреске бағытталған органдардың тиісті өзара іс-қимылының жоқтығына және олардың материалдық-техникалық жарақталуына, осы санаттағы қылмыстардың төмен ашылуына назар аударылды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өңірде браконьерлікке қатысты 151 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа тек 17 немесе 11,3% жіберілген. Қалған 134-і ашылмаған. Осы кезеңде бекіре етін заңсыз тасымалдау және сақтау фактілері бойынша 221 іс қозғалып, сотқа 198 қылмыстық іс жіберілді, қалған 23-не тергеу мерзімі тоқтатылды.

Заңсыз айналымнан 23,4 тонна балық тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын 1,3 млрд теңге болды.

"Сонымен қатар, сотқа уақтылы жүгінбеу нәтижесінде 17,3 млн теңгеге бұрын алынған заттай дәлелдемелер (балық және уылдырық) сатылмаған. Тәркіленген балықты уәкілетті емес субъектіге тапсыру және одан әрі өткізу бойынша заңсыз тәжірибе анықталды", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, заңнамада балықтарды мемлекеттік кәсіпорындардың ғана сату тәртібі көзделген. Осыған қарамастан, облыстық Полиция департаменті жеке кәсіпкерлермен келісімшарт жасасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу