Бразилияда жол апатынан 25 адам қаза тапты

469

Қаза тапқандар арасында балалар мен жүкті әйелдер де бар.

Бразилияда жол апатынан 25 адам қаза тапты Фото: Fair.ru

Бразилияның Баия штатында туристік автобустың жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан кемінде 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты G1 порталына сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың арасында балалар мен жүкті әйелдер де бар.

"Жол-көлік апаты салдарынан жүк көлігінде келе жатқан 3 адам және автобуста болған 22 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алды", - делінген хабарламада.

Апаттың себептері әлі анықталған жоқ. Қалада үш күндік қаралы күн жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу