Brent бағасы 0,56%-ға өсті

738

Бұған дейін ОПЕК+ елдері кездесу өткізіп, өндіріс көлемін өзгертпеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Brent бағасы 0,56%-ға өсті Фото: reuters.com

Эталон сұрыпты мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістан, Жапония, Бразилия елдерінде індет өршіп жатқанына қарамастан, шикізатқа деген сұраныс жазда артады деген пікірде бірқатар сарапшы. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,56%-ға өсіп, 67,65 долларға жетті. WTI фьючерстері 0,53%-ға қымбаттап, бір баррелі 64,2 долларға саудаланып жатыр. 

Бұған дейін ОПЕК+ елдері кездесу өткізіп, өндіріс көлемін өзгертпеу туралы шешім қабылдаған болатын. Альянстың болжамынша, 2021 жылы бір тәуліктегі сұраныс көлемі 6 млн баррельге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар картель шілде айында әлемдік мұнай қоры 2,95 млрд баррель болады деп топшылап отыр.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу