Brent бағасы 0,64%-ға көтерілді

783

Шикізаттың қазіргі бағасы 2020 жылдың басындағы көрсеткіштен 25%-ға жоғары.

Brent бағасы 0,64%-ға көтерілді

23 сәуірде эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. Жалпы, осы аптада шикізат құны біраз арзандаған еді. Мұндай динамикаға сұранысқа қатысты болжамдар себеп болып отыр. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 0,64%-ға көтеріліп, 65,82 болды. WTI баррелі 0,8%-ға қымбаттап, 61,92 долларға саудаланып жатыр. 
Осы аптада Brent 1,4%-ға, WTI 1,9%-ға арзандады. Шикізаттың қазіргі бағасы 2020 жылдың басындағы көрсеткіштен 25%-ға жоғары.

Ескере кететін жайт, АҚШ пен Британияда сұраныс көлемі артуда. Азияның бірқатар елінде, мысалы, Үндістан мен Жапонияда мұнайды тұтыну көлемі азайып барады. Өйткен бұл аймақтарда індет өршіп, шектеу шаралары енгізіліп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу