Brent бағасы 0,84%-ға көтерілді

630

Өткен сессияда 1%-ға төмендеген еді.

Brent бағасы 0,84%-ға көтерілді

Эталон сұрыпты мұнай құны сәл қымбаттады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent бағасы Лондондағы ICE Futures биржасында 0,84%-ға көтеріліп, 74,54 доллар болды. WTI фьючерстері 1,15%-ға қымбаттап, 71,10 долларға жетті. 

Trading Economics дерегі бойынша, мұндай динамикаға Мексика шығанағындағы өндірістің бір бөлігі "Ида" дауылынан келген залалға байланысты бірнеше ай ішінде қалпына келтірілмейтіні туралы мәлімет себеп болып отыр. Аймақтағы ең ірі өндіруші Royal Dutch Shell мұнай компаниясы зақымданудың салдарынан оның аялдау станциясы 2021 жылдың соңына дейін жабылатынын хабарлады.

Нарыққа кері әсерін тигізіп отырған фактор – қытайлық China Evergrande Group компаниясы төңірегіндегі жағдай. Трейдерлер Evergrande дефолтқа ұшырайды деген пікірде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу