Brent бағасы 1,95%-ға төмендеді

665

18 сәуірде мұнай бағасы АҚШ пен Еуропадағы шектеулер алынып тасталғаннан кейін наурыз айынан бері алғаш рет 70 доллардан асқан еді. 

Brent бағасы 1,95%-ға төмендеді

Азиядағы індеттің бәсеңдемеуі салдарынан сұраныс төмендейді және АҚШ-тың Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені көтереді деген болжамдардан кейін мұнай құны қымбаттады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 1,95%-ға төмендеп, 67,37 доллар болды. WTI фьючерстері 2,08%-ға арзандап, бір баррелі 64,13 долларға саудаланып жатыр. 

18 сәуірде мұнай бағасы АҚШ пен Еуропадағы шектеулер алынып тасталғаннан кейін наурыз айынан бері алғаш рет 70 доллардан асқан еді.Кейін Үндістан, Вьетнам және Таиланд елдерінде вирус жұқтырғандардың күрт көбеюі кесірінен Азияда шикізатқа деген сұраныс қысқарады деген болжам жарияланғаннан соң, "қара алтын" құны арзандады.  Ескере кететін жайт,АҚШ-та мұнай қоры өсіп, бензин мен дистиллят қоры өткен аптада күрт төмендеді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу