Brent бағасы 109 доллардан асты

768

Еуропалық Одақтың кейбір елдері Ресей мұнайын импорттауға тыйым салуды кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыру қажет деп санайды.

Brent бағасы 109 доллардан асты Фото: reuters.com

Мұнай бағасы Ресей мұнайына бағытталған еуропалық эмбаргоға қатысты белгісіздік пен Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 1,76%-ға көтеріліп, 109,34 доллар болды. WTI құны 0,1%-ға қымбаттап, оның фьючерстері 107,45 долларға саудаланып жатыр. 

Еуропалық Одақтың кейбір елдері Ресей мұнайын импорттауға тыйым салуды кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыру қажет деп санайды. Егер Венгрия қолдамаса, осындай шешім қабылдануы мүмкін. 

Халықаралық энергетикалық агенттік екінші жартыжылдықта Ресей мұнайын әлемдік нарыққа жеткізудің төмендеуі тәулігіне 3 миллион баррельге жетуі мүмкін деген болжам жасады. Сәуір айында Ресейдің мұнай өндірісін шамамен 1 миллион баррельге қысқартуы жаһандық жеткізілімдердің 710 мың баррельге төмендеуіне әкеліп соққан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу