Brent бағасы 40 долларға дейін өседі – Әсет Мағауов

587

Ол үшін өндірісті қысқарту және сұранысты қалпына келтіру шаралары қабылдануы керек.  

Brent бағасы 40 долларға дейін өседі – Әсет Мағауов

2020 жылдың соңына дейін Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 40 долларға дейін қымбаттайды. 18 мамырда Орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов осылай деді.

"Биылғы жылдың үшінші тоқсанында Brent бағасы 30-35 доллар айналасында құбылады. Өндірісті қысқарту және сұранысты қалпына келтіруге қатысты тиісті шаралар қабылданса, жыл соңында оның құны 40 долларға дейін жетуі тиіс", –  деді Мағауов.

Соңғы мәлімет бойынша, бүгін Brent сұрыпты мұнайдың шілде айындағы баррелінің құны 1,6%-ға қымбаттап, 33 доллардан асты. Ал WTI баррелінің бағасы сауда қорытындысы бойынша 1,76%-ға өсіп, шамамен 30 долларға жетті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу