Brent бағасы 59 доллардан асты

856

Соңғы мәрте мұндай көрсеткіш 2020 жылдың 21 қаңтарында тіркелген еді.

Brent бағасы 59 доллардан асты

Сауда қорытындысы бойынша, эталон сұрыпты мұнай құны қымбаттады. Brent сұрыпты мұнай баррелі 0,99%-ға көтеріліп, 59,04 доллар болды. Соңғы мәрте мұндай көрсеткіш 2020 жылдың 21 қаңтарында тіркелген еді. 

ОПЕК + альянсы өндіріске қатысты саясатын өзгертпеді. "Альянстың министрлік бақылау комитеті 2021 жылы нарықтың қалпына келу процесі ойдағыдай өтеді деп топшылап отыр", – деп жазылған ұйымның ресми мәлімдемесінде. 

АҚШ-тағы мұнай қоры 994.000 баррельге қысқарып, 475,7 миллион баррельге дейін азайды. Сауд Арабиясы ақпан және наурыз айларында бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемін 1 млн баррельге қысқарта бастады. Өткен айда ең ірі мұнай өндіруші саналатын бұл ел өндірісті 1,88 млн баррельге азайтып, бір күндік мұнай көлемін 9,1 млн баррелге дейін шектеген  болатын. Ақпан және наурызда бір тәулікте жер қойнауынан шығарылатын шикізат көлемі 8,1 млн баррельге дейін кемиді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу