Brent бағасы 63,52 долларға дейін жетті

694

Бірқатар сарапшы АҚШ-тағы мұнай қоры азайып, бензин мен дистиллят қоры артуы мүмкін деп отыр.

Brent бағасы 63,52 долларға дейін жетті Фото: reuters.com

Қытайда импорт көлемі артқаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай құны сәл қымбаттады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар шикізат нарығына Таяу Шығыстағы шиеленіс те әсер етіп отыр. Хуситтер Сауд Арабиясының мұнай нысандарына зымырандар ұшырғанын хабарлаған болатын.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,38%-ға қымбаттап, 63,52 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 0,35%-ға артып, бір баррелі 69,91 долларға саудаланып жатыр.

Наурызда Қытай экспортының көлемі күрт өсті. Импорт та соңғы төрт жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен. Өткен айда Қытайға импортталатын мұнай көлемі 21%-ға өсті. 

Кей сарапшылардың болжамына сенсек,  АҚШ-тағы мұнай қоры азайып, бензин мен дистиллят қоры артуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу