Brent бағасы 66,88 долларға дейін көтерілді

741

Julius Baer болжамына сүйенсек, 2021 жылдың ортасына қарай мұнай бағасы 70 доллардан асуы мүмкін.

Brent бағасы 66,88 долларға дейін көтерілді Фото: reuters.com

АҚШ-тағы шикізат қоры артқаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Brent сұрыпты мұнай құны 0,33%-ға қымбаттап, 66,88 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,39%-ға көтеріліп, баррелі 63,61 долларға саудаланып жатыр. 

АҚШ-тың Энергетика министрлігінің мәліметінше, елдегі мұнай қоры 1,32 миллион баррельге өсті. Бұған дейін S&P Global Platts 2,9 млн баррельге қысқарады деп болжаған еді. 

Азияның бірқатар елінде індеттің өршуі мен  Иранмен арадағы ядролық келісім туралы деректер нарықты алаңдатып отыр. Julius Baer болжамына сүйенсек, 2021 жылдың ортасына қарай мұнай бағасы 70 доллардан асуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу