Brent бағасы 68,47 долларға дейін төмендеді

787

Құрама штаттардағы мұнай қоры азайды.

Brent бағасы 68,47 долларға дейін төмендеді Фото: reuters.com

27 мамырда эталон сұрыпты мұнай құны арзандады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, бұған доллардың нығаюы себеп болып отыр. 

Доллардың негізгі алты валютаға қатысты динамикасын бақылайтын ICE индексі бір күн бұрын 0,4%-ға көтерілді. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,58%-ға төмендеп, 68,47  доллар болды. WTI фьючесртері 0,51%-ға арзандап, бір баррелі 65,87 долларға саудаланып жатыр. 

26 мамырда АҚШ-тың энергетика министрлігі жариялаған мәлімет мұнай нарығына оң әсеріне тигізді. Бұл елде өткен аптада мұнай қорын 1,66 миллион баррельге төмендеген. Бензин қоры 1,74 миллион баррельге, дистилляттар қоры 3,01 миллион баррельге қысқарды. Құрама Штаттарда бензинге деген сұраныс 3%-ға артты.

Инвесторлар назары Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерде. Тараптар ымыраға келсе, Иранның мұнай өндірісіне қарсы санкциялар тоқтап, елдегі өндіріс келесі жылы 3,9 миллион баррельге жетуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу