Brent бағасы 68,87 долларға жетті

732

ОПЕК 2021 жылы мұнайға деген сұраныс көлемі артады деп отыр.

Brent бағасы 68,87 долларға жетті

ОПЕК-тің сұранысқа қатысты болжамы мен АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы туралы ақпарат жарияланғаннан кейін шикізат бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелі 0,47%-ға қымбаттап, 68,87 доллар болды. WTI бағасы 0,51% - ға көтеріліп, бір баррелі 65,61-ға долларға саудаланып жатыр. 

Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 2,5 миллион баррельге азайды. Сарапшылар 2,8 миллион баррельге қысқарады деп топшылаған еді.

Шикізат қоры Colonial Pipeline құбырының жұмысы тоқтатылғанға дейін қысқарды. Оператор аптаның соңына қарай тәулігіне 2,5 миллион баррель тасымалданатын құбыр жүйесінің жұмысын қалпына келтіретінін мәлім етті. ОПЕК 2021 жылы мұнайға деген сұраныс көлемі бір тәулікте 5,95 миллион баррельге артып,  96,46 миллион баррельге дейін көбейеді деп болжады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу