Brent бағасы 70 доллардан асты

824

АҚШ пен Еуропадағы шектеу шараларының қысқартылуы мен доллар индексінің төмен болуы нарыққа оң әсерін тигізуде. 

Brent бағасы 70 доллардан асты

Эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай құны 0,94%-ға қымбаттап, 70,11 долларға жетті. WTI фьючерстерінің бағасы 0,9%-ға көтеріліп, 66,87 доллар болды. Соңғы мәрте Brent бағасының 70 доллардан асуы 15 наурызда тіркелген еді. 

Бірқатар сарапшының пікірінше, мұнай нарығындағы динамикаға АҚШ пен Еуропадағы шектеу шараларының қысқартылуы мен доллар индексінің төмен болуы себеп болып отыр. 

Мамыр айының басында Brent баррелі 62,77 доллар, ал WTI фьючерсінікі 59,23 долларға саудаланды. Сәуір айында Ресейдің вице-премьері Александр Новак ОПЕК+ елдері ақпанда келісім шарттарын 113%-ға орындағанын мәлім еткен еді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу