Brent бағасы 74 доллардан асты

1101

Трейдерлер қара алтын құны 100 долларға дейін қымбаттауы мүмкін деп отыр. 

Brent бағасы 74 доллардан асты Фото: reuters.com

АҚШ-тың мұнай институты өткен аптада елдегі қор көлемі айтарлықтай төмендегенін жариялағаннан кейін, 16 маусымда мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,84%-ға көтеріліп,74,61 доллар болды. WTI фьючерстері 0,73%-ға қымбаттап, бір баррелі 72,65 долларға саудаланып жатыр. 
API дерегі бойынша, АҚШ-тағы мұнай қоры 8,5 миллион баррельге төмендеген. Егер деректер ресми түрде расталса, бұл қаңтар айынан бергі ең максималды көрсеткіш болмақ. Елдегі бензин қоры 2,9 миллион баррельге, дистилляттар 2 миллион баррельге артты.

Осы айда мұнай бағасының өсуіне әлемнің бірқатар еліндегі карантин шараларының қысқартылуы түрткі болды. Шикізат трейдерлері "қара алтынның" бағасы 100 долларға дейін өсуі мүмкін деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу