Brent бағасы 78,65 доллар болды

1011

2021 жылы Азияда мұнайға деген сұраныс жоғары болады.

Brent бағасы 78,65 доллар болды

Эталон сұрыпты мұнай бағасы сәл өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Бір күн бұрын "омикрон" штамының таралуына байланысты алаңдаушылыққа қарамастан шикізат біраз қымбаттады.

Мысалы, АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны артты. Қытайда да бұл көрсеткіш қаңтар айынан бергі ең жоғарғы деңгейге жетті.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,06%-ға көтеріліп, 78,65 доллар болды. WTI фьючерстерің құны 3,2%-ға қымбаттап, бір баррелі 78,6 долларға саудаланып жатыр. 

S&P Global Platts мәліметі бойынша, 2021 жылы Азияда мұнайға деген сұраныс жоғары болады. Агенттік Қытай мен Үндістан елдері сұраныстың артуына себеп болатынын жариялады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу