Brent бағасы 79,24 долларға дейін төмендеді

622

АҚШ әкімшілігі ОПЕК-ке өндірісті ұлғайтуды ұсынады.

Brent бағасы 79,24 долларға дейін төмендеді Фото: reuters.com

Эталон сұрыпты мұнай бағасы төмендеп жатыр. Бұған АҚШ стратегиялық резервтердегі шикізатты сатуы мүмкін деген ақпарат әсер етуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

OANDA сарапшыларының пікірінше, сатылым сейсенбіде басталады.

"Менің ойымша, стратегиялық резервтегі мұнай сатылғаннан кейін, шикізат 1-2 долларға арзандайды", – дейді Mizuho Securities сарапшысы Роберт Яугер. 

Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки АҚШ әкімшілігі бұған қарамастан, ОПЕК-ке өндірісті ұлғайтуды ұсынады деп мәлімдеді.

"Қалай болғанда да, біз ОПЕК-тен мұнай жеткізілімінің сұранысқа сәйкес болуын талап етеміз", – деді ол.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,58%-ға төмендеп, 79,24 доллар болды. WTI фьючерстері 0,85%-ға арзандап, қазір бір баррелі 76,10 долларға саудаланып жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу