Brent бағасы сәл төмендеді

614

Пандемия мұнайға деген сұраныстың қалпына келуін тежеуі мүмкін.

Brent бағасы сәл төмендеді

Мұнай бағасы аздап төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Еуропадағы вакцинацияның қарқынды жүргізілуі және АҚШ экономикасының қалыпқа келуі туралы деректер нарыққа оң әсерін бергенімен, коронавирустың өршуі мұнайға деген сұраныстың күрт төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін деген пікірде бірқатар сарапшы. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай құны 0,85%-ға арзандап, 62,62 болды. WTI бағасы 0,9%-ға төмендеп, бір баррелі қазір 59,23 долларға саудаланып жатыр.

Vanda Insights басшысы Вандана Хари аптаның басында нарықтағы оптимизм демалыс күндері болған оқиғалармен байланысты екенін мәлім етті. Ол Франция, Германия және Италия елдерінің вакцинация процесін жеделдеткенін айтты. Дегенмен сарапшы пандемияның мұнайға деген сұраныстың қалпына келуін тежеуі мүмкін екенін болжады.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу