Brent бағасы шарықтап кетті

738

ОПЕК + жыл соңына қарай сұраныс көлемі бір тәулікте 99,8 млн баррельге, ұсыныс көлемі бір тәулікте 97,5 млн баррельге жетеді деп топшылап отыр. 

Brent бағасы шарықтап кетті

Эталон сұрыпты мұнай бағасы үшінші сессия қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. Сарапшылар екінші жартыжылдықта АҚШ, Еуропа, Қытай елдерінде сұраныс артады деген пікірде.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,74%-ға өсіп, 71,88 болды. WTI фьючерстері 0,7%-ға қымбаттап, бір баррелі қазір 69,3 долларға саудаланып жатыр. 
Сарапшылардың басым бөлігінің болжамына сәйкес, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында әлемдік сұраныс ұсыныс көлемінен әлдеқайда көп болады. ОПЕК + жыл соңына қарай сұраныс көлемі бір тәулікте 99,8 миллион баррельге, ұсыныс көлемі бір тәулікте 97,5 миллион баррельге жетеді деп топшылап отыр. 

"АҚШ-тағы жазғы көлік маусымында шикізат көп тұтынылады. Британияда көлік қозғалысының қарқыны пандемияға дейінгі деңгейден де жоғары. АҚШ, Еуропа және Қытай елдерінде басқаларға қарағанда сұраныс ертерек қалыпқа келеді", – дейді CBA сарапшысы Вивек Дхар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу