Brent бағасы тағы да көтерілді
27 Қараша 2020 16:54 142

Фото: reuters.com
Сауда қорытындысы бойынша Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 0,06%-ға қымбаттап, 47,83 доллар болды. WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 1,66%-ға төмендеп, қазір 44,95 долларға саудаланып жатыр.
Бұған дейін РФ вице-премьері Александр Новак мен Сауд Арабиясының энергетика министрі Әбдел Әзиз бен Сальман 28 қарашада ОПЕК+ елдерінің бақылау комитетінің мүшелерімен кездесу өткізеді. Осы жаңалықтан кейін шикізат құны сәл көтерілді.
Табиғат Нұрболат