Brent баррелі 0,3%-ға қымбаттады

794

Америка Құрама Штаттары ядролық келісімге оралса, Иранға қарсы салынған санкциялар күшін жояды.

Brent баррелі 0,3%-ға қымбаттады Фото: reuters.com

15 маусымда мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап.

Иран мұнай жеткізілімін әзірге бастамайтын болды, өйткені АҚШ-тың Иранмен арадағы ядролық келісімге қосылуы туралы келіссөздер ұзаққа созылып барады.
Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,3%-ға  көтеріліп, 73,08 доллар болды. WTI фьючерстері 0,28%-ға қымбаттап, бір баррелі 71,08 долларға саудаланып жатыр. 

Америка Құрама Штаттары келісімге оралса, Иранға қарсы салынған санкциялар күшін жояды. Бұл Иран мұнай экспортын жандандырады дегенді білдіреді.Пандемия кезінде мұнай экспорттаушы елдер ұйымының басқа мүшелері ірі мұнай өндірушілерімен бірлесе бағаны тұрақтандыру үшін өндірісті уақытша қысқартты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу