Brent баррелі 55,42 долларға саудаланып жатыр

819

Сұранысқа індеттің кең етек жаюы мен басқа да факторлар кері әсерін тигізуде. 26 қаңтарда мұнай бағасы төмендеді. АҚШ-та экономиканы ынталандыру шарасының тез қабылданбауы және коронавирустың таралуы нарықты алаңдатып отыр. 

Brent баррелі 55,42 долларға саудаланып жатыр

Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,82%-ға арзандап, 55,42 доллар болды. WTI маркалы мұнай бағасы 0,81%-ға түсіп, баррелі 52,34 долларға саудаланып жатыр.

Жақында ғана мұнай бағасы соңғы 11 айдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен еді. Дегенмен инвесторларды әлі де сұраныс көлемі алаңдатып отыр. Өйткені пандемия бәсеңдемеді, бірқатар ел карантин жариялады. Оның үстіне Құрама Штаттар экономиканы ынталандыру шарасын әлі қабылдаған жоқ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу