Brent баррелі 63,11 долларға саудаланып жатыр.

690

ОПЕК+ альянсы 1 сәуірде мамырдағы өндіріске қатысты шешімін жариялайды.

Brent баррелі 63,11 долларға саудаланып жатыр. Фото: reuters.com

1 сәуірде эталон сұрыпты мұнай бағасы көтеріле бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,59%-ға қымбаттап, 63,11 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 0,63%-ға артып, бір баррелі 59,53 долларға саудаланып жатыр.  

Бүгін ОПЕК+ мамыр айындағы мұнай өндірісіне қатысты шешім қабылдайды.
31 наурызда ОПЕК+ комитетінің кездесуінде сөз сөйлеген ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо жаппай вакцинация мен экономиканы ынталандыру шараларына қарамастан экономикалық ахуалдың мәз емес екенін айтты. ОПЕК+ техникалық комитеті отырыста мамыр айына дейін қазіргі квоталарды ұзарту және Сауд Арабиясының шектеулерін сақтау жағын қарастырған болатын, бірақ ешқандай ұсыныстар қабылданбады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу