Brent баррелі 68,66 долларға саудаланып жатыр

697

Бірқатар сарапшының ойынша, Brent құны 69 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.

Brent баррелі 68,66 долларға саудаланып жатыр Фото: reuters.com

Эталон сұрыпты мұнай бағасы сәл көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 0,07%-ға көтеріліп, 68,66 доллар болды. WTI фьючерстері 0,02%-ға қымбаттап, бір баррелі  65,38 долларға саудаланып жатыр. 

Нарықтағылар Азиядағы эпидемиологиялық жағдайды бақылап отыр. Өйткені ондағы бірқатар ел карантиндік шектеулерін күшейтіп жатыр. ANZ сарапшыларының айтуынша, Азиядағы шектеулердің кесірінен сұраныстың қалпына келуі ұзаққа созылуы әбден мүмкін.Дегенмен АҚШ пен Еуропадағы сұраныстың артуы нарыққа оң ықпалын тигізуде. Сарапшылар Brent фьючерстері жақын арада 69 доллар саудаланады деген пікірде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу