Brent баррелі 71,04 долларға саудаланып жатыр

679

Трейдерлер бейсенбіде Венада қаласында өтетін Иран мен әлемдік державалар арасындағы келіссөздердің нәтижесін күтіп отыр.

Brent баррелі 71,04 долларға саудаланып жатыр Фото: reuters.com

Қытай импорты мамыр айында бес айлық минимумға дейін төмендеді және  мұнайға деген сұраныс қысқарады деген болжамдар жарияланғаннан кейін, "қара алтын" бағасы төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелі 0,63%-ға арзандап, 71,04 доллар болды. WTI фьючерстері бағасы 0,59%-ға төмендеп, 68,82 доллар болды. 
Трейдерлер бейсенбіде Венада қаласында өтетін Иран мен әлемдік державалар арасындағы келіссөздердің нәтижесін күтіп отыр. Тараптар мәмілеге келсе, Иран бір тәуліктегі өндіріс көлемін 500 мың баррельге арттыруы мүмкін.

7 маусымда жарияланған мәліметке сәйкес, Қытай мамыр айында тәулігіне 9,69 миллион баррель мұнай импорттады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,6%-ға кем. Сәуір айында импорт 9,86 миллион болған еді.

ОПЕК + елдері өткен аптадағы отырыстың қорытындысы бойынша, өндірісті ұлғайту жөніндегі жоспарды өзгертпеу туралы шешім қабылдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу