Brent баррелі бағасы 69,54 доллар болды

584

Трейдерлер "дельта" штамы әлемдік экономиканы әлсіретеді деген ойда. 

Brent баррелі бағасы 69,54 доллар болды

10 тамызда мұнай бағасы соңғы үш аптадағы ең жоғары деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Дегенмен шикізаттың тағы да қымбаттауына індеттің таралуы кедергі келтіріп отыр. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,72%-ға көтеріліп, 69,54 доллар болды. WTI фьючерстері 1,02%-ға қымбаттап, қазір бір баррелі 67,16 долларға саудаланып жатыр. 

Трейдерлер "дельта" штамының таралуын болдырмау үшін жаңа шектеу шараларын енгізу әлемдік экономиканы әлсіретеді және шикізатқа деген сұранысты төмендетеді деп топшылауда.Әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы болып табылатын Қытайдағы сұраныстың төмендеуі нарықтың ерекше алаңдаушылығын тудырып отыр. Нарық қатысушыларының назары 12 тамызда жарияланатын ОПЕК пен Халықаралық энергетикалық агенттіктің ай сайынғы шолуларында.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу