Лондон ICE биржасындағы сауда барысында Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 3,6%-ға өсіп, 64,98 доллар болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы сауда алаңының мәліметіне сілтеме жасап. Бұған ОПЕК+ альянсының мамырдан бастап мұнай өндіруді арттыру туралы шешімі әсер етті.
WTI сұрыпты мұнай баррелінің құны 4,1%-ға қымбаттап, оның бір баррелі 61,59 долларға саудаланып жатыр.
Бұған дейін ОПЕК+ елдері кезекті отырыс барысында шикізат өндірісін арттыруға уағдаласқан болатын. Нақтырақ айтқанда, бір күнде жер қойнауынан шығарылатын мұнай көлемі 350 мың баррельге, маусымда 350 мың баррельге, шілдеде 450 мың баррельге артады. Сауд Арабиясы да өндіріс көлемін ұлғайтады.
Табиғат Нұрболат