Brent баррелінің бағасы арзандап жатыр

710

Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай мен дистилляттардың қоры артты.

Brent баррелінің бағасы арзандап жатыр Фото: reuters.com

Эталон сұрыпты мұнай бағасы арзандады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, бұған Үндістанда індеттің жаңа толқыны басталып, артынан сұраныс азаяды деген болжамдар себеп болған. 

Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,57%-ға төмендеп, 66,19 доллар болды. WTI баррелінің құны 0,64%-ға арзандап, қазір 62,27 долларға саудаланып жатыр. 

"Үндістан мұнай импорттаушы алпауыттардың қатарында. Сондықтан вирустың таралуын болдырмауға бағытталған шектеулер сұранысқа кері әсерін тигізеді", – деді Kotak Securities сарапшысы Равиндра Рао.

Мұнай нарығына тағы бір фактор кері ықпалын тигізіп отыр. Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай мен дистилляттардың қоры туралы мәлімет жарияланды. Бұл елде мұнай қоры 436 мың баррельге, дистилляттар қоры  655 мың баррельге артты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу