Brent баррелінің бағасы шарықтады

588

2020 жылғы 20 сәуірде әлемдік мұнай нарығы құлдырыған еді.

Brent баррелінің бағасы шарықтады

Эталон сұрыпты мұнай бағасы сәуір айындағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Лондондағы ICE биржасының дерегіне сілтеме жасап.  Ресми дерек бойынша, Brent баррелі бағасы 67,77 долларға дейін, ал WTI фьючерстерінікі 64,06 долларға дейін өсті.

Шикізаттың қымбаттауына ОПЕК+ альянсының 28 сәуірге белгіленген кездесуі түрткі болып отыр. Бірқатар сарапшының болжамынша, картель өндіріске қатысты қабылданған бұрынғы келісімді өзгертпеуі мүмкін. 

Еске сала кетсек, 2020 жылғы 20 сәуірде әлемдік мұнай нарығы бұрын-соңды болмаған дағдарысқа тап болған еді. Сауда сессиясы кезінде WTI мұнайының бағасы тарихта алғаш рет нөлден төмен түсіп, баррелі минус 40 долларға саудаланды. Мамыр айында ОПЕК + келісімінің күшіне енуі және Қытайда сұраныстың дағдарысқа дейінгі деңгейге жетуінің арқасында нарықтағы жағдай оңала бастады.

Бұған дейін ОПЕК+ елдері кезекті отырыс барысында шикізат өндірісін арттыруға уағдаласқан болатын. Бір күнде жер қойнауынан шығарылатын мұнай көлемі 350 мың баррельге, маусымда 350 мың баррельге, шілдеде 450 мың баррельге артады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу