Brent баррелінің бағасының 65 доллардан асты

793

Соңғы күндері "қара алтын" қымбаттап жатыр. 

Brent баррелінің бағасының 65 доллардан асты

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 65 доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com басылымына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent бағасы 1,2%-ға көтеріліп, 65,12 долларға жетті. WTI баррелінің құны 1,7%-ға қымбаттап, 62,21 доллар болды.

Шикізат бағасының өсуіне АҚШ-тағы мұнай өндірісінің қысқаруы түрткі болып отыр. Energy Aspect дерегі бойынша, Құрама Штаттарда күн суып, салдарынан бір күнде өндірілетін мұнай көлемі 2 млн баррельге азайған. Оның үстіне шикізат өңдейтін зауыттардың мұнайға деген сұранысы 3 млн баррельге кеміген. 

Ескере кететін жайт,ОПЕК биыл мұнайға деген сұраныс аз болады деп отыр.Ұйым сарапшыларының айтуынша, сұраныс көлемі бір тәулікте 100 мың баррельге қысқарып, 5,8 миллион баррельге дейін төмендейді. Халықаралық энергетикалық агенттік болса,коронавирустың жаңа штамдарының таралуы мен локдаундар кесірінен сұранысқа қарағанда ұсыныс мөлшері көбірек дегенді мәлім етті.

 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу